Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ƏБУ ДАБИДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

7 жел 2018 2 436 рет оқылды
БАС МҮФТИ ƏБУ ДАБИДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ресми сапармен Біріккен Араб Əмірлігіне барды.

Серікбай Сатыбалдыұлы ел астанасы Әбу Дабиде өтіп жатқан мұсылман қоғамдарында бейбітсүйгішті дамытуға арналған V халықаралық форумға қатысуда. Халықаралық басқосуда дін қайраткерлері бүгінгі мұсылман үмбетінің ауызбіршілігі, бейбітшілік құндылықтарын насихаттау сынды тақырыптар аясында пікір алмасуда. ҚМДБ төрағасы сапар аясында еліміздің Біріккен Араб Əмірлігіндегі Төтенше жəне Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен БАƏ арасындағы рухани, мəдени салалар бойынша байланысы, халықаралық форумда айтылған маңызды мəселелер сөз болды.  
 

muftyat.kz