Сәрсенбі, 11 қараша 2026 ж. 1 жұмадөл ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:48
Бесін 12:03
Екінті 14:49
Ақшам 16:37
Құптан 18:08
Жаңалықтар

"Астана" медресесінің маңы абаттандырылды (ФОТО)

16 қыр 2020 1 347 рет оқылды
"Астана" медресесінің маңы абаттандырылды (ФОТО)

14 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – жексенбі күні ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Aqmeshit» мешітінің ұйытқы болуымен «Астана» медресе-колледжі мен мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру мақсатында арнайы шырша ағаштары отырғызылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Сауапты іске Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы белсене атсалысып, мешіт пен медресе маңыны көріктендіруге өз үлестерін қосып қайтты.

#Астана медресесі