Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ЭСТАФЕТАНЫ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІГЕ ЖОЛДАДЫ (ВИДЕО)

31 шiл 2019 2 062 рет оқылды
БАС МҮФТИ ЭСТАФЕТАНЫ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІГЕ ЖОЛДАДЫ (ВИДЕО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан игі үрдіске үн қатты.
Бас мүфти бұл эстафетаны Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші орынбасары, белгілі ақын Ақберен Елгезектен, дінтанушы-ғалым Кеңшілік Тышқанұлынан, танымал әнші Алтынай Жорабаевадан қабыл алып, А.Құнанбайұлының өсиетті өлеңдерінен үзінді оқыды. Дәстүрге сай, эстафетаны көрнекті шығыстанушы-ғалым, профессор, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры Әбсаттар хазірет Дербісәліге, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлына, «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, профессор Марат Байділдәұлы Тоқашбаевқа жолдады.

ҚМДБ баспасөз қызметі