Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Жаңалықтар

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР 5 ОТБАСЫНА ҮЙ САЛЫП БЕРДІ (ФОТО)

10 қыр 2019 1 833 рет оқылды
ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР 5 ОТБАСЫНА ҮЙ САЛЫП БЕРДІ (ФОТО)
Қайырымды жандар Алматы қаласының іргесінде орналасқан Гүлдала елді-мекенінде тұратын 5 отбасын қуанышқа бөледі. Көпбалалы отбасылар мен жолдасынан айырылып, тағдыр тауқыметін ерте тартқан жандардың жағдайы жомарт адамдарды бей-жай қалдырмапты.
Салтанатты шараға қатысқан Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
"Халқымызда: "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің", - деген нақыл сөз бар. Халыққа қарайласқан адамға Алланың өзі қарайласады. Ізгі амал сауапсыз қалмайды. 5 отбасын қуанышқа бөлеген азаматтарға Алла разы болсын", - деп атап өтті.
Игі шарада сөз алған Нұр-Мүбәрак университеті ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлы да ізгі ниеті мен тілегін жеткізді. Баспаналы болған отбасылар жомарт жандарға алғыстарын жаудырды.
 ҚМДБ баспасөз қызметі