Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 ж. 6 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:19
Күн 05:47
Бесін 12:14
Екінті 16:31
Ақшам 18:30
Жаңалықтар

Дін қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды (ФОТО)

10 жел 2020 1 514 рет оқылды
Дін қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды (ФОТО)

10 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында Діни басқарманың алты қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды. Марапатты иелеріне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Алматыдағы «әл-Хамид» мешітінің бас имамы Асылхан Аманқұлов, Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре, Алматыдағы «Қалқаман» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабаев Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжі директорының кеңесшісі Әбдіжаппар Сманов, Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет және «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.