Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Өзбек полицейлері Құран ұстап ант берді

10 жел 2018 2 031 рет оқылды
Өзбек полицейлері Құран ұстап ант берді

Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жоғарғы Шыршық ауданының ішкі істер бөлімінде істейтін қызметкерлер құран ұстап, пара алмауға, заң бұзушылық жасамауға ант берді.

Аталған полиция бөлімінде ант қабылдау сәтінің суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті.

Азаттықтың өзбек қызметіне есімін айтпауды өтініп сұқбат берген Жоғарғы Шыршық ауданы ІІБ қызметкері ант қабылдау рәсімі аудан имамының араласуымен өткен.

«Жеке құрамдағы әрбір қызметкер құранның өзбек тіліндегі нұсқасын ұстап, жемқорлық жасамауға және алдамшылық қылмауға ант берді» — дейді ол.

Ал аталған аудандық полиция баспасөз қызметі ант беру рәсімінің анық-қанығын білу үшін басшылыққа хабарласу керектігін айтты. Рәсімге қатысты деген аудандық имам бұл туралы пікір беруден бас тартты.

Дегенмен Өзбекстан Ішкі істер академиясында істеген оқытушының айтуына қарағанда, бұл әрекет жоғары жақтың тапсырмасынсыз, жергілікті полиция басқармасының әрекеті болуы мүмкін.

 kazislam.kz