Бейсенбі, 30 шілде 2026 ж. 16 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Бесін 12:26
Екінті 17:44
Ақшам 20:10
Құптан 22:12
Жаңалықтар

Әлия Қабылбекқызының рухына арнап ас берілді

11 ақп 2021 1 631 рет оқылды
Әлия Қабылбекқызының рухына арнап ас берілді

11 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Мешітіміздің бұрынғы ұстазы, белгілі дін қызметкері, марқұм Әлия Қабылбекқызына арнап ас берілді.

Алланың берген өлшеулі өмірін дін жолында көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық қызметке арнаған Әлия апамызға арнап «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұжымы арнайы дастархан жайып, қызметкерлер аударған Құран хатымды бағышталып, рухына дұға жасады.

Мешітімізде ұстаздық қызмет жасап, жамағаттың береке-бірлігі мен көптеген қайырымдылық шаралардың ұйытқысы болған Әлия апамыздың жаны жаннатта болғай!