Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Жаңалықтар

«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды

15 ақп 2021 1 732 рет оқылды
«Азаттық – балалар көзімен» көркем сурет байқауы жарияланды

Ардақты ағайын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Азаттық – балалар көзімен» атты балалар арасында көркем сурет байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

Жас өркеннің патриоттық сезімін ояту;

Туған жерге деген махаббатын арттыру;

Балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау;

Азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау;

Байқау шарттары:

Байқауға 7-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады;

Байқау карантин талаптарына сай қашықтан өтеді;

Бір қатысушы бір ғана сурет жібере алады;

Байқауға А4 көлемінде салынған суреттің түпнұсқасы немесе JPEG форматында сканерден өткен суреттер қабылданады;

Әрбір үміткер салған суреттің оң жақ бұрышындағы төменгі жағына толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын және қала немесе ауылын жазу керек;

Қатысушардың жұмыстары 2021 жылдың 23 мамырына дейін aqparat-qogam@mail.ru электронды мекен-жайына жіберіліп, автордың аты-жөні, туған жылы, облысы, ауданы, қаласы, ауылы және байланыс телефоны көрсетілу қажет;

Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Қарасаз көшесi, 3 мекенжайына (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі) суреттердің түпнұсқасын жіберу сұралады.

Байқау жеңімпаздары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

Байқауға қойылатын талаптар:

Салынған сурет байқаудың тақырыбына сай болуы;

Өзіндік ерекшелік пен шығармашылық ізденістің болуы.