Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Бас мүфти әл-Азһар шейхымен сұхбаттасты (ФОТО)

17 нау 2021 2 131 рет оқылды
Бас мүфти әл-Азһар шейхымен сұхбаттасты (ФОТО)

17 наурыз.  Нұр-Сұлтан.  Sunna. kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары кезінде әйгілі әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет Тайыппен кездесті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Кездесуде екі елдің сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани-тарихи байланысын нығайтудың маңыздылығы сөз болды.

Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өзіңіз білесіз, Қазақстан мен Мысыр арасында рухани, тарихи, мәдени байланыстар ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Бауырластық байланыстың нәтижесінде Қазақстанда Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университеті салынды. Сіздің қолдауыңызбен Қазақстанға барған мысырлық ұстаздар студенттерімізге дәріс беріп, оқу-ағарту саласындағы жұмыстарымызға үлкен үлес қосуда. Сізге Қазақстан мұсылмандары атынан тағы да айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!», - деді.

Өз кезегінде Ахмет Тайып әл-Азһар университеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қолдау көрсете беретінін жеткізді.

Кездесу соңында Бас мүфти әл-Азһар шейхын «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалымен марапаттап, арнайы алғыс хатын табыстады.

#Ахмет Тайып #Наурызбай қажы Тағанұлы #әл-Азһар университеті