Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Жаңалықтар

Наиб мүфти Сыр имамдарына семинар өткізді

11 жел 2018 1 962 рет оқылды
Наиб мүфти Сыр имамдарына семинар өткізді
ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Әділбаев Алау мырза Сыр имамдарымен кездесті. Облыстық Мәуліт кешінен соң «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында қала және аудан мешіттерінің бас имамдарының қатысуымен  семинар болды. Семинар барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы мәуліт мерекесімен құттықтай келе, пайғамбар өмірінен үлгі-өнеге аларлық мысалдарға сүйене отырып, үнемі ізденіс үстінде жүретін, көркем мінезділік пен көрегенділікті бойына сіңірген, бірнеше ғылым мен технологияны меңгерген, жамағатты бірлікке шақырушы, қоғамда ойып алар орны бар тұлғаға айналу - имамның өмірлік мақсаттарының бірі болу керектігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, көпшілікке уағыз-насихат айтудың қыр-сырларына тоқталып, жеке тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтауда жауапкершілігі мол имамдық қызметті абыроймен атқарып жүрген имамдарды алғыс хатпен марапаттады.