Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

ЖАМАҒАТҚА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

12 қаз 2017 2 426 рет оқылды
ЖАМАҒАТҚА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

12-қазан. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақшам намазынан кейін арнайы дастархан жайылып, жамағат пен имамдар бас қосты.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті біршама жаңа имамдар және ұстаздармен толықты. (Жаңа қызметкерлер жайлы ертең қасиетті жұма намазынан кейін қызметке қабылдау рәсімін ресми жариялайтын боламыз).

Ақшам намазынан кейінгі басқосуда «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов жамағатқа жаңа уағызшы ұстаздарды таныстырды. Бас имамның нұсқауымен, Хасеки академиясының түлегі Оңғар Хайридинов және найб имам, исламтанушы Рашид Алпысбаевтар тағылымды уағыз айтты. Сондай-ақ, ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Астана қаласы Өкілдігінің тапсырмасымен, бұдан былай екі аптада бір жамағатқа арнайы дастархан жайып, уағыз-насихат өткізіп тұру жоспарланып отыр.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

#Жұманазар Садырханов #Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті