Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Әйелдер-қыздар секторы қайырымдылық жасады

28 қаң 2021 2 513 рет оқылды
Әйелдер-қыздар секторы қайырымдылық жасады

28 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Жақында Елордада өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің бағдарламалық баяндамасында басымдық берілетінін жеті бағыттың қатарында қайырымдылық жұмыстарын да атаған болатын.

Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Әйелдер-қыздар секторы мен Аналар мектебі кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара аясында 100 мың теңге көлеміндегі киім-кешек пен азық-түлік пәкеттері қаладағы көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасына жеткізілді.

Игі шараға демеушілік жасаған азаматтарға мешіт ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

 
#қайырымдылық