Бейсенбі, 18 маусым 2026 ж. 3 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:57
Ақшам 20:37
Құптан 22:24
Жаңалықтар

БІЗ ИМАНДЫЛЫҚТЫ «ОБАЛ БОЛАДЫ» ДЕГЕН СӨЗГЕ СЫЙДЫРҒАН ҰЛТПЫЗ – СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ (ФОТО)

4 сәу 2018 2 613 рет оқылды
БІЗ ИМАНДЫЛЫҚТЫ «ОБАЛ БОЛАДЫ» ДЕГЕН СӨЗГЕ СЫЙДЫРҒАН ҰЛТПЫЗ – СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында жергілікті зиялы қауым өкілдері, түрлі саладағы мекеме жетекшілерімен өткен жүздесуде қоғамды ізгілікке үндеудің маңызы туралы айтып өтті.
«Біз ізгілік пен қайырымдылықты, жалпы имандылықты «обал болады» деген сөзге сыйдыра білген халықпыз. Нан қиқымын төкпеуді, өзгенің ала жібін аттамауды, біреуге қиянат жасамауды, ренжітпеуді, тіпті қорадағы малдың өзін қорламауды үйретіп, «обал болады» деген сөзді ұрпақ санасына сіңіре білген ұлтпыз. Осы құндылықты жастарға көбірек айта беруіміз керек. Оларға дәстүрді үйреткеніміз – дінге шақырғанымыз. «Обал болады» деген сөзді айта беруіміз – ізгілікті насихаттағанымыз», деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

ҚМДБ баспасөз қызметі