Бейсенбі, 30 шілде 2026 ж. 16 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:31
Бесін 12:26
Ақшам 20:10
Құптан 22:12
Жаңалықтар

15 жасар қыз Құранды 93 күнде толық жаттап шықты

4 там 2021 1 417 рет оқылды
15 жасар қыз Құранды 93 күнде толық жаттап шықты

Түркияның Конья қаласында тұратын 15 жастағы Ирем Ашкин әйелдерге арналған  орталық Құран үйрету курсында Құранды 3 айда жаттап шықты.  Ол қысқа мерзімде курста оқып, хафиз атанды.

«Ұстазым менің есте сақтау қабілетімді байқағаннан кейін, Құранды жаттау кезінде 1-ден 5-ке, 5-тен 7-ге, 7-ден 10 бетке дейін арттырып отырды. Ол менің үй тапсырмасын қатесіз тапсыратынымды көріп, күнделікті жаттауға  15 беттен, 1 параға дейін беріп отырды. Менің ата-анам бұл ісіме қатты қуанды, мен де», - дейді Ашкин.

Оның ұстазы Миясе Керпе Ашкин алдымен қарапайым сыныпта оқығанын, содан кейін Құранды жатқа білетін сыныпқа ауысқанын айтты. Ұстазы 15 жасар хафиздің есте сақтау қабілетіне таң қалғанын айтты: «Мұндай есте сақтау өте сирек кездесетіндіктен, шәкіртіміз не бары 93 күннің ішінде қасиетті Құранды толық жаттап шығып, барлығымызды қуантты. Бұл таңқаларлық жайт, себебі Алланың кәламын жаттау үшін әдетте бірнеше жылдар қажет».

sunna.kz

#Ислам #хафиз #шәкірт #Құран