Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

АСТАНАДА «САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ» V ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

27 қар 2017 2 682 рет оқылды
АСТАНАДА «САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ» V ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

25 қараша астаналық мұсылман жамағаты спорттық сайыста күш сынасты. Дәстүрлі «Салауатты жамағат» V қалалық спорттық ойында жарысына қаладағы сегіз мешіт қатысты. Салауатты өмір салтын ұстану – саналы қоғамның таңдауы. Сайыстың мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті, бауырмашылықты, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

IMG 0177

Мемлекет тарапынан үлкен маңызға ие бастама игі істердің ұйытқысына айналған Астана мешіттерінде де жалғасын тауып келеді. «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен спартакиадаға астана қалалық Дін істері басқармасы қолдау білдірді.

Спорт сайысын ашып берген «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов мешіт жамағатының бірлігін нығайтып, дәстүрлі дін Исламды бір арнаға салып, ел руханиятын осындай игі шаралармен көтеріп отырған «Нұр Астана» орталық мешітіне, бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс айтып, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Астана қалалық спорт басқармасының өкілі, Бас төреші Өсербай Ержігіт ойын шарты мен ережесіне тоқталды. Спорт сайысында Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасынан жиналған 8 команда тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Командалар аламан жарыста «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы», «Теннис жарысы», «Қаппен секіру», «Аламан», «Кім жүйрік», «Арқан тарту», «Капитандар сайысы» бойынша күш сынасты. Тартысты өткен спорт додасы үш сағатқа созылды. Қазылар алқасы сегіз тур бойынша балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтауға ден қойды. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен үздік деп танылған мына командалар жүлделі орындармен марапатталды.

І орын – «Сұлтан» командасы («Әзірет сұлтан» мешіті)

ІІ орын – «Сұңқар» командасы («Төлебай» мешіті)

ІІІ орын – «Сарыарқа» командасы («Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті)

Сондай-ақ, спорттық ойындар сайысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншылар жеке-жеке марапатталды. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан өзге топтарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сый-сияпаттар табыс етілді.

IMG 9681 IMG 9678 IMG 0178 IMG 0070 IMG 0078 IMG 0163 IMG 0167 IMG 0161 IMG 9712 IMG 9942 IMG 9922 IMG 9882 IMG 9981 IMG 9910 IMG 9984 IMG 9940 IMG 9909 IMG 9895 IMG 9815 IMG 0097 IMG 0190 IMG 0225 IMG 0258 IMG 0246 IMG 0211 IMG 0204 IMG 0171 IMG 0288
 «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
#спартакиада