Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды (ФОТО)

20 қар 2020 1 077 рет оқылды
Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды (ФОТО)

20 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы болып өтті, деп хабарлайды ҚМДБ Нұрсұлтан қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Екі дүние сардары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай өткізілген шара барысында Елордамыздағы тұрмысы төмен 10 отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Динара Құтқожақызы шара барысында жиылғандарға Мәуліт айының қадір-қасиеті жайында мағлұмат беріп, бүгінгі қайырымдылық шарасының маңызын атап өтті.

#Динара Нұрғалиева #қайырымдылық