Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мұсылман әйелдің заманауи сән үлгісі көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

20 қаз 2020 2 039 рет оқылды
Мұсылман әйелдің заманауи сән үлгісі көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

20 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдің дәстүрлі және заманауи сән үлгісі» атты көрсетілім болып өтті, деп хабарлайды елорда өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Айтулы шарада Сара Тоқтамысова, Қарлығаш Советхан, Нурия Қабдуллақызы сынды отандық киім дизайнерлерінің топтамалары көрсетілді. Аталмыш көрсетілім киім үлгісінің шариғат талаптарына сай болуы,    әйел киімдерінің салт-дәстүрімізбен сабақтасуы, заманға сай, ыңғайлы және қазақи нақышта болуы сынды талаптар негізінде жүзеге асты.

Қазылар алқасы киім үлгілеріне өзіндік бағасын беріп, туынды авторларына ризашылықтарын білдірді. Шара соңында қатысушылар естелікке фотоға түсті.

 

#Мұсылман әйелдің дәстүрлі және заманауи сән үлгісі #Нурия Қабдуллақызы #Сара Тоқтамысова #заманауи киім үлгісі #мұсылманша киім үлгісі #сән үлгісі #Қарлығаш Советхан