Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Мешіт командасы ІІ орын алды

20 жел 2020 2 080 рет оқылды
Мешіт командасы ІІ орын алды

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Шәкірттері мен жамағаттың қатысуымен өткен қысқы марафонда мешітіміздің командасы екінші орын алды, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

«Тәуелсіздік – тұғырымыз» деп аталатын қысқы марафонына Нұр-Сұлтан қаласындағы 12 мешіттің шәкірттері мен жамағатынан құралған 12 команда қатысты.

Командалық есеп нәтижесінде «Тәуелсіздік – тұғырымыз» қысқы марафоның кубогы «әл-Ғани» мешітінің командасына бұйырсе, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Қыран» командасы ІІ орын иеленді. «Ырыскелді қажы» мешітінің «Сарыарқа» командасы ІІІ орынға жайғасты.

Елорда төрінде тұңғыш рет ұйымдастырылған марафон нәтижесінде жүлдегер команданың әрбір мүшесіне арнайы медаль табысталып, Нұр-Сұлтан өкілдігінің дипломымен марапатталды.

Мешіт ұжымы атынан «Қыран» командасының әрбір мүшесіне ерекше алғысымызды білдіреміз.
#марафон #тәуелсіздік тұғырымыз #Қыран