Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Екінті 17:55
Құптан 22:22
Жаңалықтар

2019 ЖЫЛЫ ОРАЛМАНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАНША КВОТА БӨЛІНЕДІ?

14 нау 2019 2 338 рет оқылды
2019 ЖЫЛЫ ОРАЛМАНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАНША КВОТА БӨЛІНЕДІ?

2019 жылы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға қанша квота бөлінетіні белгілі болды. ҚР Үкіметінің тиісті Қаулысы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Қазақстан Үкіметінің 2018 жылғы № 916 қаулысы 29 желтоқсанда қабылданған. Ол жарияланған уақыттан 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Оған сәйкес, оралмандарды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы 2 103 адамды, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 7 771 адамды құрайды.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 1 тамызға және 2020 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп берсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойған құжатта.

Айта кетейік, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы жыл сайын белгіленеді. 

ult.kz