Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

2024 жылы 14 кәсіпорынға «Уақыпнама» сертификаты берілді

8 қаң 2025 464 рет оқылды
2024 жылы 14 кәсіпорынға «Уақыпнама» сертификаты берілді

«Уақып» қоры кәсіпкерлермен сенімгерлік басқару, жалға беру, қайырымдылық келісімшарт жасау арқылы қор капиталын қалыптастыруды жүзеге асыруда. Мәселен 2024 жылы 14 кәсіпорынға «Уақыпнама» сертификатын табыстады.


Бұл жөнінде қор директоры Азамат Әбдікерімұлы хабарлады.

«Қор жобасына сәйкес ірі қалалардағы мешіт маңында орналасқан дүкендердің келісім-шарттары «Уақып» қорымен қайта жасалуда. Атап айтсақ, Алматы қаласындағы 9 дүкенмен келісім шартқа қол жеткіздік. Одан да басқа өңірлерде дүкен қою жұмысы жоспарға сәйкес атқарылып келеді. Жалпы айтқанда 21 дүкен бүгінгі таңда қор меншігінде қызмет атқаруда. «Уақып» қоры биыл өз меншігіне 4 ғимарат пен 3 жерді алды» дейді қор директоры.