Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Бас мүфти Mazhab.kz телестудиясының ашылуына қатысты

18 қар 2021 1 365 рет оқылды
Бас мүфти Mazhab.kz телестудиясының ашылуына қатысты

18 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарында Мәшһүр Жүсіп мешіті жанынан ашылған mazhab.kz телестудиясының ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Бас мүфтиге телестудияның негізгі жұмыстары жайлы баяндады.

«Ақпараттың дамыған заманында біз де бұл саладағы жұмысымызды барынша жетілдіріп отыруымыз керек. Осы телестудияда сапалы телеөнімдерді әзірлеп, «Мұнара» телеарнасы арқылы халыққа жеткізуге назар аударыңыздар» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас имам Жолдас Қоспақұлы mazhab.kz телестудиясында қазіргі заманға сай роликтер түсірілетінін жеткізді.