Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:30
Бесін 12:26
Екінті 17:45
Құптан 22:13
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы Қажы Байрам Уәли кесенесін зиярат етті

2 жел 2021 1 378 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы Қажы Байрам Уәли кесенесін зиярат етті

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында халық арасында өзінің діндарлығы, әулиелігімен танылған Қажы Байрам Уәли кесенесін зиярат етіп, тарихи тұлға рухына Құран бағыштады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Қажы Байрам Уәли (1389-1459) өз заманында ел арасында құрметтілердің бірі атанған. Медреседе ұстаздық қызмет еткен. Шәкірттерінің арасынан Ақшамседдин сынды ғұламалар шыққан. Ол – атақты Стамбұлды жаулап алған қолбасшы Мехмет Сұлтанның ұстазы.

Айта кетсек, Қажы Байрамның діни еңбектері негізінен шәкірттері арқылы тараған.

#Наурызбай қажы Тағанұлы