Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен 10 өңірде ескерту жарияланды

22 қаз 2020 1 298 рет оқылды
Нұр-Сұлтан мен 10 өңірде ескерту жарияланды

22 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Қазгидромет» РМК 22 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды елорда өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 күшейеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с артады.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғып, күші 15-20 артады.

#ауарайы