Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Құптан 20:13
Жаңалықтар

25 отбасына «Рамазан сыйы» таратылды

11 сәу 2022 1 593 рет оқылды
25 отбасына «Рамазан сыйы» таратылды

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «30 күнге 30 шара» жобасы аясында тағы 25 отбасына «Рамазан сыйы» таратылды.

Қайырымдылық шарасында көп балалы, жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жомарт жандардың демеушілігімен азық-түлік таратылды.

Әрбір отбасыға ұн, күріш, макарон, қант, су май, қарақұмық, т.б күнделікті тұрмысқа аса керекті азық-түлік түрлері берілді.

Қасиетті Рамазан айындағы өтіп жатқан іс-шаралар легі алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

#рамазан сыйы #қайырымдылық