Дүйсенбі, 2 қараша 2026 ж. 22 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:35
Күн 07:03
Бесін 12:03
Ақшам 16:52
Құптан 18:20
Жаңалықтар

1500 адамға сәресі берілді

27 сәу 2022 1 073 рет оқылды
1500 адамға сәресі берілді

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түніне орай, сәресі берілді.

Биылғы қасиетті кеште мешітке мыңдаған елордалық жиналды.

Мешіт ұжымы арнайы дайындалған бағдарламалық іс-шаралар легін дайындап, ағайынның бұл түні мағыналы өтуіне күш салды.

Арнайы тақырыптық уағыз-насихат айтылып, намаздар оқылумен бірге Хатым дұғасы жасалды.

Ал, таңға дейін Алла үйінде болған ағайынға сәресідастарханы жайылды.

Таң сәріде мешіт ауласында 1500 адамға арнайы ас мәзірі таратылды.