Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

100 отбасына көмек берілді (Фото+Видео)

23 қаз 2020 1 309 рет оқылды
100 отбасына көмек берілді (Фото+Видео)

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мәуліт айына орай ірі көлемде қайырымдылық шара өтті, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ел мешіттерінде өтіп жатқан іс-шаралар легінің бір парасы қайырымдылық шаралары.

Игі істердің ұйытқысы болған Ғылмани мешітінде «Мәуліт берекесі» атты қайырымдылық акциясын қолға алынған еді.

Қасиетті жұма күні алдын-ала тіркелген көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына ет үлестірілді.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, шараға келушілерді мәуліт айымен құттықтады.

Мешіт ұжымының ұйтқы болуымен іс-шараға демеушілік жасап, 2 сиыр, 1 жылқы малын сойып таратқан белгілі кәсіпкер Салжанов Исламбек Төлеубайұлы.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан іс-шараға қатусушыларды мәуліт айымен құттықтай отырып, аталған игі шараға демеушілік жасаған Исламбек Салжановқа мешіт ұжымы атынан арнайы алғысын білдірді.

#Бауыржан Есмахан #Ерболат Жүсіпов #Исламбек Салжанов #Мәуліт берекесі #мәуліт #қайырымдылық