Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Екінті 17:46
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Қайрымдылық шарасы жалғасуда

24 қаң 2019 4 837 рет оқылды
Қайрымдылық шарасы жалғасуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық мешіттерінде қайырымдылық шаралары жүргізіліп келеді.

Осы орайда, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен және қайырымды жандардың қолдауымен көп балалы, жалғыз басты, жағдайы төмен жалпы 30 отбасына ет таратылды.

Аталмыш ізгі шара барысында, қайырымдылық жұмыстарына жауапты, наиб имам Әділ Агитаев елордалық көмекке зәру отбасыларына қайырымдылық пәкеттерін үлестірді. Көмек алушы отбасылар бұл игі шараны ұйымдастыруышыларға өз ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.