Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

ҚМДБ ДІНИ БІЛІМ ЖƏНЕ КАДР ДАЯРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

15 сәу 2019 4 179 рет оқылды
ҚМДБ ДІНИ БІЛІМ ЖƏНЕ КАДР ДАЯРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бейбіт Мырзагелдиев ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Елордада өткен ҚМДБ Төралқа мəжілісінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз осыған дейін Қажылық, Халал өнімдерді стандарттау бөлімдерін басқарған Бейбіт Əліпбекұлының діни салада жинақтаған тəжірибесі мен ғылымдағы ізденістерін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, өзіне жүктелген Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Айта кетсек, Бейбіт Мырзагелдиев бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында өкіл имам, "Астана" медресесінде басшылық қызметте болды.
Мүфтият ұжымы Б.Əліпбекұлының жаңа жұмысына береке тілейді.
ҚМДБ баспасөз қызметі