Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Мүфтилер мерекелік медальмен марапатталды (ФОТО)

30 қар 2020 1 829 рет оқылды
Мүфтилер мерекелік медальмен марапатталды (ФОТО)

25 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада өтіп жатқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында экс-мүфтилер мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы Ислам институттарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында мүфтиятты әр жылдары басқарған Бас мүфтилер «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаздар – Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Ораздың кеуделеріне «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

 
#Ержан қажы Малғажыұлы #Наурызбай қажы Тағанұлы #Рәтбек қажы Нысанбайұлы #Серікбай қажы Ораз #Әбсаттар қажы Дербісәлі