Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Имамдарға темекі шегуге тыйым салынды

30 қаң 2019 1 968 рет оқылды
Имамдарға темекі шегуге тыйым салынды
Түркияда мешіт имамдарының темекі шегуіне тыйым салынады деп мәлімдеді Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Али Эрбаш. Бұл туралы түрік ақпарат көздеріне сілтеме жасап Trend хабарлады.

Басқарма төрағасының айтуынша, темекі шегу харам және дін өкілдері темекі өнімдерін қолданбауы тиіс. «Темекі шегетін адамдар мешіт имамы бола алмайды», – деп атап өтті Али Эрбаш.

Али Эрбаш 17-қаңтар күні Түркияның Дін істері басқармасы атынан елдегі барлық имамдарға темекі өнімін қолданатын дін қызметкері қажылық кезінде топ жетекшісі бола алмайтыны туралы ескертпе жіберілгенін хабарлады.

kazislam.kz