Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

8 қаң 2018 3 611 рет оқылды
БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбекпен кездесті, - деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Ресми кездесуде қала басшысы Бауыржан Қыдырғалиұлы мен Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мәдениет пен әдебиеттің, тарих пен тағылымның ордасы болған Алматыдағы конфессияралық татулық пен діни ахуалды нығайту жолындағы бірлескен жұмыстар жайлы әңгімелесті.

Әкім Б.Бәйбек Қазақстанның рухани саласындағы Алматының орны мен рөлін айрықша атап өтті. Қазақ Елінің тәуелсіздігі қасиетті шаһардан бастау алатынын да тілге тиек етті. Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қалада орналасқан 50-ге жуық мешіттің жұмысы туралы баяндап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматыдағы кеңсе қызметінің рөліне тоқталып өтті.