Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Министрлік «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заңды әзірлеуге кірісті

28 қаз 2020 1 663 рет оқылды
Министрлік «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заңды әзірлеуге кірісті

28 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін арттыруға бағытталған «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеуді тапсырған болатын, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Осыған байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам өкілдерімен және сарапшылармен бірлесіп «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заңды әзірлеуге кірісті.

Бүгінде қоғамдық бақылаудың әртүрлі нысандары ретінде, қоғамдық кеңестер, мемлекеттік қызметтер, экология, жер қойнауын пайдалану және т.б. туралы заңнамалық актілері реттелетін болады. Осыған байланысты қоғамдық бақылау туралы жаңа заңның пайда болуы қажет, бұл қоғамдық бақылау қағидаттарының қолданылуын құрылымдауға және арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасында қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың аса маңызды қағидаттары бекітілетін болады.

#қоғамдық бақылау