Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ «БЕКЕТ-АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

15 қаң 2018 2 992 рет оқылды
БАС МҮФТИ «БЕКЕТ-АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)
Кеше Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде ақшам намазынан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жамағатпен бірге намаз оқып, Құран оқудың ерекшеліктері жайында уағыз-насихат айтты.
«Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген Бас мүфти жамағатқа осы аталған хадистерді кеңінен түсіндіріп, талқылап өтті.
Кездесу соңында «Бекет-ата» мешітінің 15 жылдығына арналған Құран Кәрім жарысында 1 орын алған мешіт шәкірті Айболат Ұсынаддінұлына және «Бекет-ата» мешітінің наиб имамы Берік Арғынбекұлына мешіттің интернеттік ақпараттандыру саласында үздік қызметі үшін Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қолынан кіші қажылықтың сертификаттары табысталды. Сондай-ақ,  кіші қажылыққа аттанып бара жатқан бір топ мешіт жамағатына Бас мүфти ақ батасын берді.  
 "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі