Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ЖАЗУШЫ ДУЛАТ ИСАБЕКОВПЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

23 ақп 2018 10 384 рет оқылды
БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ЖАЗУШЫ ДУЛАТ ИСАБЕКОВПЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматыда көрнекті жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековпен кездесіп, дін мен дәстүр сабақтастығы, тарих тағылымы, діни рәсімдердің бірізділігі жайлы сұхбаттасты.

Жазушы қазіргі жас имамдардың тәжірибесін арттыру, дін қызметкерінің жан-жақты білімін шыңдау қажеттігіне тоқталып, құдайы ас пен жаназа рәсімі кезінде уағыз айтудың тәртібіне көңіл аудару – маңызды мәселенің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, отбасы тәрбиесі туралы уағыздарды салт-дәстүріміздің құндылықтарымен ұштастыра отырып насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.   

Бас мүфти өз кезегінде Діни басқарманың жуырда жарық көретін «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітаптың жобасымен таныстырып, мүфтияттың халықты діни ағарту жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.

ҚМДБ баспасөз қызметі