Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан: 150 отбасына қайырымдылық көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

10 мау 2019 1 777 рет оқылды
Нұр-Сұлтан: 150 отбасына қайырымдылық көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)
Нұр Астана» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай, қомақты қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ораза айт мерекесінде жақын адамдарға жақсылық жасау, бауырының қуанышына себеп болудың өзі Мұхаммед Пайғамбардың өнегесі болған үлкен мұсылманшылық қасиет. Ал, баба дәстүрінде де ағайынның шаттығына себеп болар «айттық» деп аталатын игі дәстүр бар.

Ораза айт мерекесіне орай, «Нұр Астана» мешіті осы бір ізгі дәстүрді жаңғыртып, дәстүрлі қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара барысында 150 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға айттық ретінде ұн, күріш, сұйықмай, т.б. азық-түрік таратылды.