Бейсенбі, 29 қазан 2026 ж. 18 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:28
Күн 06:56
Бесін 12:03
Ақшам 16:59
Құптан 18:27
Жаңалықтар

«Ғылмани» шәкірттері Ұлттық музейді тамашалады (ФОТО)

22 мау 2019 1 913 рет оқылды
«Ғылмани» шәкірттері Ұлттық музейді тамашалады (ФОТО)

22-маусым. Sunna.kz – Жазғы діни сауат ашу курсына қатысып жатқан Елорладық мектеп оқушылары Ұлттық музейге саяхат жасап қайтты.

ҚМДБ көлемінде еліміздің барлық ірі мешіттерінде «Имани жаз - 2019» жаздық сауат ашу курсы ай бойы мектеп жасындағы оқушыларға имани-рухани тәрбие берді. Аталмыш курс аясында бүлдіршіндер тек қана білім алып қана қоймай, басқа да діни-мәдени шараларға да қатысып, рухани құлшыныстарын арттыруда.

Нұр-Сұлтан қаласы «С.Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен және ұстаз Серікбол Хаманұлының жетекшілігімен, сауат ашу курсында қатысушы 100-ге жуық мектеп оқушы Ұлттық музейдегі түрлі тарихи жәдігерлерді тамашалап, қызыққа кенелді.

Бұл саяхатқа әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, толық емес құрамдағы отбасыларынан шыққан оқушылар да қатысты.

Сондай-ақ, қалалық автопарктің демеушілігімен автобустар қаланы тегін аралатты. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі