Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 ж. 3 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:13
Бесін 12:15
Екінті 16:36
Ақшам 18:36
Құптан 20:06
Жаңалықтар

Арыстықтарға алғашқы көмек мешіттен жетті

24 мау 2019 1 854 рет оқылды
Арыстықтарға алғашқы көмек мешіттен жетті

Қазір Арыстағы бала-бақшалардан Шымкентке алып кеткен бүлдіршіндерді ата-аналары іздеп келіп, қауышып жатқан жайы бар.

Ақ мешітке шаһардағы және облыстық мешіттерден көмекке азық-түлік жеткізіліп жатыр. Мешіт те, медресе ғимараты да лық толды.

Арысқа алыс-жақын аудандардан да жәрдем берілуде. Түркістан облыстық және қалалық мешіттерде де қоныстанған жандарға ас беріліп, жағдай жасалуда.

Түркістан қалалық мешіттерінің ұйытқы болуымен Арысқа 7 автобус аттандырылды. Адамдарды имамдар тосып тұр.

Көмек көрсетіп жатқан жұртшылыққа Алла Тағала разы болсын!

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі