Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

НАИБ МҮФТИ БҰҰ БІРЛЕСКЕН ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

31 қаз 2019 1 789 рет оқылды
НАИБ МҮФТИ БҰҰ БІРЛЕСКЕН ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы елордада екі күнге жалғасқан БҰҰ жанындағы халықтың қоныстануы саласындағы қордың отырысына қатысты. Наиб мүфтиден бөлек бұл шараға Ұлыбритания Елшілігіндегі саяси мәселелер жөніндегі хатшы Джеки Дэвис, қордың Қазақстандағы ұлттық координаторы Ғазиза Молдақұлова және дін саласындағы белді имамдар мен теологтар келді. Діни қайраткерлердің басын қосқан жиында бірнеше маңызды мәселелер көтерілді.   

Атап айтқанда жұмыс тобының отырысында ана және репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін арттыру және жастарды экстремистік діни ағымдардан сатқтау жайы кеңінен талқыланды. Бүгінгі отырыста негізінен әйелдің қоғамдағы рөлі, отбасындағы құқығы кеңінен айтылды. Өйткені соңғы 6 жылда жүргізілген зерттеулер нәтижесі әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықтың артқанын көрсетіп отыр. БҰҰ жанындағы халықтың қоныстануы саласындағы қор ендігі кезекте дін өкілдерімен бірлесе осы мәселенің алдын алмақ. Жиын соңында кешенді оқу-әдістемелік бағдарламасын дайындау туралы келісімге келді.

«Соңғы 7 жылда аталған қормен белсенді жұмыс істеп келеміз. Дінімізде әйелдің құқығы, оның дәрежесі, ана ретіндегі рөлі ерекше көрсетілген. Анаңа жақсылық жасағандай, әйеліңе де тек қарау дініміздің бір шарты. Сондықтан әйел адам отбасында, қоғамда қысастық көрмеуі тиіс. Бүгінгі жиында аналардың айналадан қысым көрмеуін болдырмау мақсатында көптеген ұсыныстар айтылды. Осы бағыттар бойынша бірлескен жұмысымызды жалғастырамыз»,- деді наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы.