Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

40 отбасыға “Рамазан сыйы” табысталды

6 сәу 2022 1 163 рет оқылды
40 отбасыға “Рамазан сыйы” табысталды

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде “Рамазан сыйы” атты қайырымдылық шарасы өтті.

“30 күнге 30 шара” жобасы аясында өткен іс-шарада қаладағы көп балалы, жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылды.

Бас имам Руслан Байзақов көмекке мұқтаж жандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұлық айдың қадір-қасиетін жеткізді. Сонымен бірге, мешіттің ұйымдастырған шараға ат салысқан жомарт жандарға арнайы алғысын жеткізді.

Қасиетті Рамазан айына орай жомарт жандардың демеушілігімен 40 отбасыға ұн, күріш, макарон, қант, су май, қарақұмық, т.б азық-түлік берілді.