Сейсенбі, 3 қараша 2026 ж. 23 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:36
Күн 07:05
Бесін 12:03
Екінті 15:02
Ақшам 16:50
Жаңалықтар

МЕШІТКЕ АТ БЕРУДЕ ТӘРТІП ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС – ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ (ФОТО)

19 сәу 2018 1 808 рет оқылды
МЕШІТКЕ АТ БЕРУДЕ ТӘРТІП ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС – ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ (ФОТО)
Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз осылай деді, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
«Мешітке ат қоюдың өзіндік тәртібі мен ережесі қалыптасқан. Мешітке дін қайраткерлерінің, ғұлама-ғалымдардың, еліміздің игілігі жолында ерен еңбек еткен тұлғалардың, рухани-ағарту жұмысына сүбелі үлес қосқан ұлт мақтаныштарының, халықты қорғауда ерлікпен қаза тапқан соғыс ардагерлерінің, т.б. есімдері беріледі. Бұл талап қатаң сақталуы тиіс», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
Төралқа мәжілісінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталып, 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралардың есебі тыңдалды.