Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

24 мам 2019 1 897 рет оқылды
БАС МҮФТИ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, белгілі ғалым, ғылым докторы Ғалымқайыр Мұтановпен кездесті.
Бас мүфти ректор Ғ.Мұтанұлына тарих, мәдениет, руханият, дін саласындағы ғылыми ізденістері туралы баяндап берді. Өз кезегінде ректор әлемдік өркениетте ойып тұрып орын алар қазақ руханиятының құндылықтары туралы атап өтті. Мүфти мен ректор жастарды жат ағымның ықпалы мен арбауынан сақтап қалудың төте жолы – тарих пен дәстүрді жаңғырту жайлы пікір алысты. Кездесуден кейін Серікбай қажы Ораз ҚазҰУ ректорына «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты тарихи-діни еңбегін сыйға тартты.
ҚМДБ баспасөз қызметі