Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨКІЛ ИМАМДАРҒА АЛҒЫС ЖАРИЯЛАДЫ

16 там 2019 2 141 рет оқылды
БАС МҮФТИ ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ӨКІЛ ИМАМДАРҒА АЛҒЫС ЖАРИЯЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз наиб мүфтилерге, Аппарат жетекшісіне, бөлім меңгерушілері мен өкіл имамдарға алғыс жариялады.
«Құрбан айт – мұсылман үмбетінің ұлы мейрамы. Айтулы күнді лайықты түрде атап өту, мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру – дін қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Аллаға шүкір, осы жылғы қасиетті Құрбан айт қарсаңында жоспарланған шаралар жоғары деңгейде жүзеге асты. Ақпараттық насихат, қайырымдылық, ұйымдастыру-үйлестіру, т.б. бағыттар бойынша тапсырмалар тиянақты орындалды. Сіздер бұл істе ыждаһаттылық пен жанашырлық таныттыңыздар. Өз атымнан баршаңызға айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды жеткіземін. Алла разы болсын!
Жаратушы Иеміз ізгі істер мен игі шараларда бас қосып, діннің қамында, елдің болашағы жолында аянбай еңбек ете беруді нәсіп еткей! Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге береке тілеймін!» – делінген Бас мүфтидің алғыс хатында.

ҚМДБ баспасөз қызметі