Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі барлық мешіттерде жаппай өткізілген «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі де орасан үлес қосты. Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы негізінде қайырымдылық акциясы қаладағы 11 мешітте өткізіліп, әр құлшылық ордасы шама-шарқынша мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлауға тырысты.
Арнайы бекітілген кесте бойынша 23-28 тамыз аралығында кезекпен өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Елордамыздағы 1160 оқушыны қамтыды. Білім жолындағы бүлдіршіндерге мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жабдықтар тарту етіліп, қаржылай көмек те үлестірілді.
«Әзірет Сұлтан» – 250 оқушы «Нұр Астана» – 200 оқушы «Ғылмани» – 120 оқушы «Раиса ана» – 120 оқушы «Әс-Сәләм» – 90 оқушы «Әлжан ана» – 80 оқушы «Төлебай» – 50 оқушы «Шейх Кунта қажы» – 40 оқушы «Әл-Ғани» – 40 оқушы «Ырыскелді қажы» – 110 оқушы «Ақмешіт» – 60 оқушы











