Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

АДАЛ ТАҒАМ - АСТАНАЛЫҚТАР ТАЛАБЫ

15 нау 2018 7 592 рет оқылды
АДАЛ ТАҒАМ - АСТАНАЛЫҚТАР ТАЛАБЫ

Астана қаласының Бас имамдары жиналған  өкілдіктің кезекті отырысында Халал Даму ЖШС-нің Астана қалалық өкілі Абдукаримов Бағдат атқарған жұмыстары жайлы баяндады, - деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі. 

Нарықта адал өнімдерге сұраныс көп. Әсіресе, ет және ет өнімдерін сататын дүңгіршектер «Халал» белгісін өз пайдаларына шешуге тырысып бағуда. Сол себепті, Бас имам Асқар Әбітайұлы «Халал Даму» ЖШС-нің Астана қалалық өкілдігіне  мешіт жамағатының арасында жан-жақты лабораториялық тексеруден өткен, халал стандарттарына сай жұмыс жасайтын ет өнімдерін сататын дүңгіршектерді, асханалар мен дәмханаларды насихаттауды тапсырды. Айталық, қазір Rafe, Capitol, "На кухне" дәмханалары стандарттаудан өтуде.

5

8