Жұма, 16 қазан 2026 ж. 5 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:08
Күн 06:34
Бесін 12:05
Екінті 15:34
Құптан 18:51
Мешіт туралы

Бас имам

31 шiл 2017 2 384 рет оқылды
Бас имам
Садырханов Жұманазар Өсерханұлы - Исламтану ғылымдарының магистрі, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әрі атақты хафиздерінің бірі. Ол 1996 жылы, 16 жасында Түркияның Стамбул қаласында оқып жүрген шағында-ақ қасиетті Құран Кәрімді жатқа алған. Қазақстанға оралғаннан кейін, 1997 - 2000 ж.ж. аралығында Алматыдағы Ислам Институтында білім алған. 2002-2013 ж.ж. аралығында Алматы қаласының Орталық мешітіне наиб имам болып, жемісті еңбек атқарған. 2000 – 2013 ж.ж. аралығында Алматы қалалық Орталық мешітте 13 жыл бойы Құран - хатым түсіріп келген. 2013 - 2015 ж.ж. аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистратура оқыған.   Алматы қаласындағы «Аманқұл ата» медресесінде сабақ бере жүріп, Республикалық Құран жарыстарының жүлдегерлері болған 12 - 23 жас аралығындағы 10 хафизді тәрбиелеп, ғылым жолына баулыған. Индия, Малайзия, Ливия және Қырғызстандағы Құран хатым жарыстарында, Орта Азия бойынша екі рет 2 - орынға ие болған. Қазақстандағы Қарилар комиссиясының құрметті мүшесі.

Үйленген. Үш қызы, екі ұлы бар.

Сохранить Сохранить Сохранить Сохранить