Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

АСТАНАДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХХ МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

10 қаз 2018 2 183 рет оқылды
АСТАНАДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХХ МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
Бүгін Астана қаласында республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХ мәжілісі басталды, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысында із-түссіз кеткен адамға қатысты шариғат үкімі, маһр (қалыңдық сыйы) үкімі, салық төлемеудің үкімі, жолаушының намазына қатысты мәселе, валюта курсының өзгеруіне байланысты қарызды төлеу үкімі, т.б. тақырыптар төңірегінде дайындалған пәтуалар мәтіні жан-жақты талқылануда.  Талқылаудан өткен пәтуаларды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бекітетін болады. Дайын болған пәтуалар ҚМДБ-ның www.fatua.kz сайтында жарияланады.