Сәрсенбі, 17 маусым 2026 ж. 2 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:57
Ақшам 20:37
Құптан 22:24
Жаңалықтар

ОМАР ЖӘЛЕЛҰЛЫ АНАЛАРҒА ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ

2 қар 2018 2 232 рет оқылды
ОМАР ЖӘЛЕЛҰЛЫ АНАЛАРҒА ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанынан құрылған «Аналар мектебі» және шәкірттер мен әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен, «Ел болам десең – бесігіңді түзе» атты рухани-мәдени іс-шара өтті.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлағатты сөзін ұрпақ санасына берік сіңіргісі келген аналар қауымына, арнайы шақырылған қадірлі қонақ – филолог, философ-ғалым Омар Жәлелұлы салиқалы лекция оқыды. Аталмыш шара барысында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлы арнайы келген қонаққа жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, әйелдер жамағатының ұлағатты ұстазы Әлия Аусағатова да қатысты. Жиналған жамағатқа «Аналар мектебі»-нің демеушілігімен дастархан жайылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі