Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

«Ислам – балалар көзімен» атты сурет байқауы басталды

7 қар 2018 1 842 рет оқылды
«Ислам – балалар көзімен» атты сурет байқауы басталды
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» әйелдер клубы Мәуліт мерекесіне орай балалар арасында «ИСЛАМ – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» атты сурет байқауына қатысуға шақырады.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

1. А3,А4 пішімде сурет (гуашпен, акварельмен, түсті қарындашпен, фломастермен) 2. Байқауға 3 түрлі жас санатында: 4-6 жас, 7-9 жас, 10-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады. 3. Суреттерді қабылдау республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті (Тәуелсіздік 48, 3-қабат) қабылдау бөлімінде биылғы жылдың 14-қарашасына дейін жалғасады. 4. Суреттің келесі бетіне автордың толық аты-жөні, жасы, ата-анасының біреуінің телефон нөмірі жазылуы керек. 5. Онлайн дауыс беру 15-қарашадан бастап 17-қараша аралығында жүргізіледі 6. Жеңімпаздарды салтанатты түрде xабарландыру және марапаттау 18-қараша 2018 жыл өтеді.

ЕСКЕРТУ: Байқауға бала қиялынан туындаған тек қана бір сурет жіберуге рұқсат етіледі.

muslim.kz