Астана мешіттеріне садақа терминалы қойылды (ФОТО)
10 қаң 20192 242 рет оқылды
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі игі бастамалардың жалғасы ретінде тағы бір оқиға орын алды. Қаржылық ашықтықты қолдау мақсатында бүгін Астана қаласындағы 10 мешітке садақа терминалдары қойылған болатын.
Бас мешітте өткен «Діни ақпарат беру» және Call орталықтың ашылу салтанатына қатысқан ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жаңадан қойылған садақа терминалдарын тексеріп, мешіт есепшотына қайырымдылық қаражатын аударып көрді.Айта кетейік, аталмыш садақа терминалдары Астана қаласындағы барлық мешіттерге орнатылған.