Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

130 отбасына қайырымдылық көрсетілді (фото)

25 қаң 2019 2 017 рет оқылды
130 отбасына қайырымдылық көрсетілді (фото)

Алла Тағала өзінің жолында мұқтаж жандарға қол ұшын беретін Атымтай Жомарт пенделерін айрықша жақсы көреді дінімізде. Көңілі дархан қазақ халқының жомарттық, қайырымдылық бойына сіңген қасиет.

Бүгін Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, және демеуші азаматтардың қолдауымен әлеуметтік  жағдайы төмен, мүгедек және көп балалы 130 отбасына қайрымдылық көмек көрсетілді. Әрбір отбасына (ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер т.б.) азық-түлік пакеті үлестірілді.

Көмек алушы отбасылар бұл игі шараның қыс мезгілінде берілуі жанымызға жылу сыйлады дей келе, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.